Казахский элитный детский сад «Аккайнар» с углубленным изучением английского языка

 
Наши преимущества

Детский сад «Аккайнар» создан для детей от 2 до 6 лет. В нашем саду Ваш ребенок сможет полезно обучиться, и провести хорошее и веселое время с высококвалифицированными воспитателями.

Дети весело и с пользой проводят время в садике - учатся читать, писать, лепят, рисуют и занимаются физкультурой.

Главными преимуществами садика являются:

Расположение в экологически чистом районе;
Собственное здание;
Комфортные условия;
Маленькая наполняемость групп;
Внимание и забота каждому ребенку;
Подготовка к школе;
Высокий уровень безопасности;
Удобная парковка.

В детском саду «Акайнар» группы насчитывают не более 10-12 человек, поэтому каждому ребенку находится индивидуальный подход и оказывается должное внимание.

Детский сад «Аккайнар» охраняется круглосуточно и имеет 24-часовое видео наблюдение. Ваши дети с нами в безопасности.

«Аққайнар» балабақшасының оқу-әдістемелік бағыт-бағдарлары

     Балабақшада күнделікті ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үдерісі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес «Балбөбек», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде төмендегідей жеті бағытта ұйымдастырылуда. Бірінші бағыт бойынша: «Тәрбие басы – тіл» –  сөз өнеріне байланысты баланың тілін дамыту, ойдың сәулесі көркем сөздің сұлулығын сезіну, ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға баса назар аударылады. Балалардың ана тілінде сөйлеуіне басым көңіл бөлініп, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөздік қорын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету басты назарда ұсталынады. Іс-тәжірибе барысында сәбилердің бірінші, екінші тобы, естияр, ересектер мен мектепалды даярлық топтарында күн режімі кезеңдерінде күнделікті арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекеттер, яғни тіл дамыту, математика, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка, қарапайым тәжірибелер жасау (ойын-зерттеу жүргізу), дене шынықтыру сабақтарын арнаулы мамандар тұрақты түрде жүйелі өткізеді. Серуенде бақылау, ойын, еңбек әрекеттері ұйымдастырылады.

Екінші бағыт бойынша: «Ата салтың-асыл қазынаң»-жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің бастау бұлағы ретінде салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды этнопедагогика негізінде баланың бойына сіңіру көзделеді. Мұнда арнайы дайындалған қазақ үйде (этнографиялық бөлме) ұлттық тұтынатын бұйымдармен таныстырылып, ұлттық тағамдар: қымыз, наурыз көже, айран, сүт ішіп, бауырсақ, құрт, ірімшік, жент, бесбармақ жеп ұлттық ойындар ойнатылып балаларға арналған салт-дәстүрлермен таныстырылады.

Үшінші бағыт бойынша: «Халық қағидасы қалтқысыз» - өнерлі өрен тәрбиелеуде би билеп, ән салу, ұлттық қол өнер шеберлерінің туындыларын түйсіну, түсіну және қарапайым түрлерін жасай білуге баулуда арнайы музыка сабақтары, мерекелік ертеңгіліктер, сайыстар мен бейнелеу өнері: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және қол еңбегі сабақтары арқылы жүзеге асырылуда. Балалардың іс-әрекетке қызығушылықтары, ынта-ықыластары артып, әр баланың жеке дара қабілеттеріне қарай өнер түрлеріне үйретілуде.

Төртінші бағыт бойынша: «Жантану негіздері»-тіршілік гүлзарында өзін-өзі тану, жан құмары, жағымды мінез-құлық, жарасымды қарым-қатынас, зеректік, зейінділікке баулу және тіл мүкістігін түзету және психологиялық жағымды көңіл күй орнату мәселелері жан-жақты қарастырылуда. Баланың кейбір қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтары: балабақшаға жаңадан келген балалардың бейіделуі, мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты (ұялшақтық, ашушаң, тұйық, гиперактивті т.б) түзету жұмыстары жасалады. Психикалық процестердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау, қияал т.б) дамуына ықпал ететін жеке және топтық жұмыстар ойын түрінде жүргізілуде. Сондай-ақ, тәрбиеші педагогтардың балалармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренингтер өткізіліп, тәрбиешіге және ата-аналарға арналған арнайы кеңестер беріледі.

Бесінші бағыт бойынша: «Өзін-өзі тану» және «Имандылық-инабаттылық әліппесі» сабақтары арқылы-тәлім-тәрбие, тағылым, рухани-адамгершілік, адалдық, достық, ізгілік, ынтымақ, әдептілік, әдемілік, сыпайылық, мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық т.б ұғымдарды баланың бойына сіңіріп, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда нақты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Арнайы ұйымдастырылатын сабақтар балалардың бір- біріне жағымды көңіл күй сәттерін сыйлап, өзіне және құрбыластарына деген қарым-қатынасын қалыптастырады. Имандылық тәрбиесінде ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесін ескере отырып, мұсылмандық тәрбиенің  мәйегі мен қарапайым негіздерімен таныстырылады. Сабақта мұсылман балаларға арналған сұрақтарға жауап іздейді.

Алтыншы бағыт бойынша: «Ас-адамның арқауы» - бес уақыт нәрлі, құнарлы тағамдар, қымыз-терапиясы, дәрумендер, сусын-шырындар, денсаулық, сергектік, тазалық, таза ауада демалу, су, ауа, күн ванналары режім бойынша тұрақты, жүйелі өткізіліп, ойын іс-әрекеті және сауықтыру шынықтыру шаралары ұйымдастырылып, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасын қалыптастыруға баса назар аударылады. Аптаның әр күніне сәйкес асқа бата беру, тамақтану әдебі, тазалық, мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға басым көңіл бөлінеді.

Жетінші бағыт бойынша: «Отан-қуат, отбасы-шуақ»-ата-анаға сүйіспеншілік, құрметтеу, сыйлау, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру, өз ұлтын сүйетін елжанды азамат тәрбиелеу. Астана қаласының қуыршақ театры айына екі рет арнайы қойлымдарымен келіп балалардың көңілін көркейтіп, ой қиялын шарықтатып, тілін дамытуға ықпал етеді. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, балалармен бірге көріністерге, мұражайларға, галереяларға арнайы саяхаттар ұйымдастырылды. Жыл мезгілдеріне сәйкес әуежайға барып әскери көлік түрлерін, қару жарақтарды, әскери киімдерді көріп танысты, салтанатты шерулерде кеуделеріне орден, медалдар таққан ардагер аталарды көріп, отшашуларды тамашалады. Астананың көрікті орындарына және патриоттық тәрбие беретін тұғырлы ескерткіштерге арнайы мақсатты саяхаттар тұрақты түрде жасалып тұрады. Сондай-ақ, оқу-тәрбие үдерісінде көркем шығармалар оқылып, ертегі, әңгімелер, тақпақтар, мақал-мәтелдер және патриоттық әндер айту дәстүрге айналған. Өздері көрген әсерлерін балалар бейнелеу іс-әрекетінде түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеп көрсетеді.



 

Ваши дети в безопасности с нами!