|
Казахский элитный детский сад «Аккайнар» с углубленным изучением английского языка |
9 марта 2011 года
3 наурызда аналар мерекесіне арналған«Аққайнар арулары» сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: қыз балаларды әсемдікке, инабаттылыққа, әдептілікке, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу, саз әуенімен ырғақты қимыл-қозғалыс жасай білуге дағдыландыру, көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыру; Арулар сайысы төмендегідей бес бөлімнен құрылған: 1.Тегін білу тектілік. Көркем сөзбен өзін таныстыру. 2. Қызым үйде, қылығы түзде. Аналарымен қол өнер бұйымдарын дайындау. 3. Дәм - думан. Ұлттық тағамдар жайында мәліметтер беру. 4. Әсем әуен ырғағымен, өнер көкке жеткізер. Ән немесе би көрсету. 5. Қыздарға әсемдік жарасады. Әдемі сәндік көйлектер үлгісін көрсету, үйлесімді қимыл-қозғалыс сәттерімен өзіндік өрнек жасай отырып, сұлулық сырын паш ету. Сайысқа қатысқан ару қыздарымыз Айсана, Аружан, Элифнур, Дилназ, Алуа, Наргиза, Шынар өздерінің ерекше талантын танытып, өнерлерін ортаға салды. Таныстыру сәттерінде ата-тегін, ата-анасын, өзінің ерекше дарындылықтарын дәріптеп, көркем сөзбен көмкеріп, ойларын әсерлі жеткізді. Ең кереметі сайыстағы жеңіске деген құлшыныс, қызығушылық қыздарымыздың қылықты аруларға лайықты болып өсіп келе жатқандығы қуантады. Ұлттық тұтынатын бұйымдарды таныстыруда қазақтың киіз үйінен бастап, бесік, торсық, сәукеле, камзол, бөстек, қоржынды мәнерлеп, сипаттап берсе, ұлттық тағамдардан: таба нан, құрт, жент, қымыз, бауырсақ, ет, құйрық – бауыр асатудың жолдарын әнмен айтып, әрбір тағамның дайындалуы мен қасиетін атап өтті. «Өнерліге өріс кең» дегендей өнедегі жарыста аруларынымыз бір бірінен асып түсіп, қазақтың ұлтты биі, өзбек биі, шығыс биі, грузин биі, сыған биі, кавбойлар мен қуыршақ билерін мың бұрала нақышына келтіре биледі. Қыздарға әсемдік жарасады бөлімінде сұлу аруларымыз өзерінің әдемі сән үлгілерін көрсетіп тамаша тарту сыйлады. Аталаған іс–шараның тағылымдық, тәрбиелік маңызы мол болды.
|
Сделано в